Спорт
«Манчестер Юнайтед» «Эвертон» қақпашысы Жордан Пикфордті сатып алуды мақсат тұтып отыр.
Express баспасының мəліметінше, "Манчестер Юнайтед" аталмыш қақпашға 85 млн еуро төлеуге дайын. Бұл трансфер жүзеге асса, Пикфорд футбол тарихындағы ең қымбат қақпашыға айналуы мүмкін.
Қазіргі таңда "қызыл сойқандар"дың бірінші номерлі қақпашысы—Давид де Хеа клубпен жаңа келісім шарт жасаудан бас тартқан.
Бұдан алдын «МЮ» Испандық қақпашымен 2020 жылға дейін келісім шартын ұзартуға дайын екенін, бірақ қақпашы келісім шартты ұзартудан бас тартқаны туралы хабар берген болатын.
24 жасар қақпашы Пикфорд «Эвертон» клубына 2017 жылдың жазында «Сандерленд»тен 28,5 млн еуроға келген болатын. Ағымдағы маусымда Англия чемпионатында 13 ойында алаңға шыққан жəне қақпасына 15 гол өткізіп алған. Сонымен қатар 2 пенальти қайтарып, 4 құрғақ ойын өткізген.
Мəлімет үшін, қазіргі таңда əлемнің ең қымбат қақпашысы Кепа Аррисабалага, осы жылдың жазында 80 миллион еуроға «Атлетик»тен «Челси»ге келіп қосылған болатын.