Woman
Қазіргі кезде бояудың аса қатты емес әрі тері күтіміне пайдалы болып келетін кәріс косметикасын қолдану кең өріс алған
Күнделікті бояну рәсімін жеңілдеткіңіз келсе, бұл ақпараттар сізге арналады.
Кушон
Бетіңізге опа, тональді крем, BB немесе СС таңдауды жеңілдеткіңіз келсе, үшеуі бір құралға біріккен кәріс косметологтарының өнімі «кушонды» таңдауыңызға болады. Кушон бетке жеңіл жағылады әрі қабаттанып қалмайды. Алайда «кушон» жас қыздардың терісінен гөрі үлкен жастағыларға арнайы жасалған өнім екенін ескертеміз.
Тинт
Ерінге және бетке де қолдануға болатын тинт - ұзақ уақыт сақталып тұратыны үшін қыздар арасында тез танылды. Ерінге жағатын өзге далаптардан ерекшелігі 8 сағатқа дейін өшпейді және әр сусын ішкен соң қыздарды далаптың өшіп кетпеуін «уайымдау» сезімінен құтқарушы. Себебі оның құрамында көп мөлшерде бояғыш пигмент бар.
Патч
Өңіңіздегі шаршаңқылықтың, күйзелістің ізін жасырғыңыз келсе, бірнеше минутқа көзіңіздің астына патчи жабыстыра тұрсаңыз жеткілікті. Ол ұсақ әжімдеріңізді тегістеп, көзіңіздің ісуін басады.