Спорт
Олимпиада чемпионы сегізінші жекпе-жегін өткізбек
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҰлыбританияның Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады.
13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden Arena театрының Hulu Theather кіші залында Елеусінов 34 жастағы әлі жеңілмеген америкалық Решард Хикспен кездеседі (12-0-1, 6 КО). Бұған дейін жекпе-жек он раунд форматында және жартылай салмақ лимитінде өтетіні белгілі болды.
Елеусінов - Хикс жекпе-жегі бокс кеші андеркарттың бөлігі болады, оның басты оқиғасында американдық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) және ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО) жеңіл салмақта WBC атағына міндетті үміткер болу құқығын сарапқа салады. АҚШ-та шоу тікелей эфирде DAZN стримингтік сервисінде көрсетіледі.
Алдағы жекпе-жек АҚШ-та 28 жастағы Елеусінов үшін бесіншісі болмақ. Ол 2018 жылы сәуір айында Нью-Йоркте, бірақ Barclays аренасында өзінің алғашқы дебютін жасады. АҚШ - тан басқа Олимпиада чемпионы Ұлыбританияда екі рет және Монакода бір рет өнер көрсетті.
Vesti.kz
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61