Саясат

Трамп Данияға сапарын тоқтатты

Гренландияны сатып алу идеясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Дания елінің премьер-министрі Гренландияны Америка Құрама Штаттарына сатпайды деп айтқаннан кейін Данияға жасаған мемлекеттік сапарын тоқтатты. 

Президент сапарын 2 қыркүйекке Дания Патшайымы Маргретенің II шақыруымен жоспарлаған. Ал өткен аптада Трамп АҚШ-тың Данияның автономды аумағы Гренландияны сатып алуға мүдделі екенін алға тартқан болатын.

Сапарының кейінге қалдырылғанын жариялап, Трамп мырза өзінің твиттерінде:

- Дания – керемет адамдар тұратын ерекше ел, бірақ премьер-министр Метте Фредериксеннің Гренландияны сатып алу туралы мәселені талқылауға қызығушылық танытпайтындығы туралы пікіріне сүйене отырып, екі аптадан кейінгі кездесуді кейінге шегеремін... - деп хабарлаған болатын.

Ақ үйдің өкілі Президенттің сапары тоқтатылғанын растады.

Президент бұған дейін Гренландияны сатып алуға мүдделі екендігі туралы хабарларды растаған болатын. Жексенбіде одан "АҚШ аумағын аралға ауыстырғыңыз келе ме?" деп сұрағанда, ол: «Көп нәрсе жасауға болады», - деп жауап берген болатын.

- Негізінде, бұл жылжымайтын мүлікпен жасалатын ірі келісім, - деді ол.

Бұл ұсынысты Гренландия мен Дания лауазымды тұлғалары қабылдамады. 

- Гренландия сатылмайды, бірақ Гренландия басқа елдермен, соның ішінде АҚШ-пен сауда және ынтымақтастық үшін ашық, - деді Гренланияның премьер-министрі Ким Кильсен.

Ларс Локк Расмуссен, Данияның бұрынғы премьер-министрі өзінің Twitter-де: «Бұл сәуір айының әзілі болуы керек» деп жазды.

Популистік Дания халық партиясының сыртқы істер жөніндегі өкілі Сорен Эсперсен, DR ұлттық телерадио компаниясына: 

- Егер ол мұны шынымен ойына алса, онда оның есінен ауысқандығының дәлелі, - деді.

Гренландияны сатып алу идеясы алғаш рет 1860 жылдары Эндрю Джонсонның төрағалығымен талқыланған еді.

1867 жылғы АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің баяндамасында Гренландияның стратегиялық орналасуы және оның мол ресурстары, оны сатып алу үшін өте тиімді етеді деп айтылады.

Бірақ 1946 жылға дейін, яғни Гарри Труман Данияның бұл аумағына 100 миллион доллар ұсынғанына дейін, ешқандай ресми қадам жасалмады.

BBC.com