Саясат

«Үлкен сегіздік» қалпына келе ме?

Ресей G7 саммитіне шақырылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп француз әріптесі Эммануэль Макронның Ресейді 2020 жылы өтетін "Үлкен жетілік" саммитіне шақырайық деген ұсынысымен келісті. Бұл туралы CNN хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша 20 тамызда Трамп пен Макронға телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-та өтетін келесі G7 саммитінде Ресейді көргіміз келеді деген ортақ пікірге келді. Макрон Ресейді шақыруды ұсынып, Трамп онымен келісіпті.

Трамп бұл тақырыпты осы демалыс күндері Францияның Биарриц қаласында өтетін "Үлкен жетілік" елдері көшбасшыларының кездесуі кезінде талқылайды деп күтілуде. Телеарна бұл мәселе бойынша G7 көшбасшылары қандай шешімге келетіні белгісіз деп хабарлайды.

Жақында Трамп "Үлкен сегіздік" құрамында Ресейді көру әлдеқайда орынды болар еді деп мәлімдеді. 

- "G7" форматында талқыланатын көптеген нәрселер Ресейге қатысты, - деп атап өткен болатын.

G8 форматы Қырым Ресейге қосылғаннан кейін 2014 жылы жұмысын тоқтатқан болатын.