Weekend
Жолаушыларға тек аялдама кезінде ғана темекі шегу мүмкіндігі беріледі
Теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау ережелеріне өзгертулер енгізілді: жолаушыларға пойыздарда, оның ішінде кіреберісте (тамбурда) темекі шегуге тыйым салынды.
Жаңа енгізілім 2019 жылдың 21 тамызынан бастап күшіне енеді. Енді темекі тарту үзілісі станцияларда тоқтаған кезде ғана мүмкін болады.
- Жолаушылар пойыздарында темекі шегуге тыйым салынады. Бұл үшін біз 441-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Оларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады, - деді «Павлодар» стансасындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы Архат Күленов.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бірінші рет ескерту жасайтын болады, бірақ қайталап бұзған жағдайда айыппұл салынады.
Pavlodartoday.com