Weekend

Өрмекші адам Marvel-ден кететін болды

Бәріне кінәлі ақша мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Marvel студиясының президенті Кевин Файги енді өрмекші-адам туралы фильм түсірмейтін болды. Бұл туралы Deadline порталы хабарлайды.

Бұған бірнеше ай бойы созылған ақша дауы себеп болды. Disney компаниясы Sony компаниясына болашақ блокбастерлерді қаржыландыруды да, олардан түскен пайданы да тең бөлуді ұсынды. Өз кезегінде Sony ескі келісімдерді сақтауға талап етті, оларға сәйкес Disney-ге табыстың тек бес пайызы ғана тиесілі.

Қазіргі уақытта Өрмекші адам туралы тағы екі фильмнің шығуы жоспарланған. Фильм режиссері Джон Уоттс болады деп күтілуде, ал ондағы басты рөлді Том Холланд ойнамақ.