Bugin
Нығматулин арқылы Мәжілістегі «нұротандықтардың» беделін күшейтпек
Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулинді Мәжілістегі «Nur Otan» депутаттарының басшысы ретінде тағайындауға ұсыныс білдірді.
- Мәжілістегі фракция басшысы ретінде Нұрлан Нығматулинді ұсынамын, - деді Назарбаев «Nur Otan» партиясының Саяси бюро отырысында.
Қазіргі уақытта Мәжіліс фракциясының басшысы болып Гүлмира Есенбаева отыр. Енді оның орнына Нығматулин келуі мүмкін.