Денсаулық

Шайдың қандай пайдалы түрлері бар?

Шай, ішсең – көңілің жай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Гипотонияға қарсы шай

Қан қысымы төмендегенде, итмұрыннан (шиповник) жасалған шай сергітеді. Бұған тамшы тұнбасын, тамыр дәрі (женшень) немесе электроукокк қосасыз. Гипертониямен ауыратындарға зімбір (имбирь) тәрізді дәмдеуіштер ұсынылады.

Климаксқа қарсы шай

Климакс кезеңін жеңілдету үшін сізге таңқурай (малина), қарақат (смородина), қой бүлдірген (земляника) жапырақтары қажет. Бір кесе қайнаған суға әр өсімдіктің жапырақтарынан саласыз. Сосын ешқандай шектеу қоймай-ақ кез келген мөлшерде іше бересіз. Мұндай шай зат алмасу процесін жақсартады.

Көк шай ем болады

Егер көк шайға кішкене кардамон қосса, онда емдік сусын пайда болып, жүрек қан-тамыры ауруларын жеңілдетеді. Көк шайды дәм қабықпен (корица) ішсе, қанды сұйылтып, инфаркт пен инсульттің алдын алады. Ал зімбір (имбирь) қосылған көк шай ауру бүйректі жылытады, оған кішкене қара бұрыш қосса, суықты тез қайтарады. Сондай-ақ көк шайды артериалды қан қысымын ретке келтіргісі келгендер де ішеді.

Сыған сусыны

100 г бал қарағай (кедр) жаңғағын қабығымен қоса ұсақтап, оған 100 г бал мен 100 г арақ қосады. Сыған халқының сенімі бойынша, сусынды бейсенбіден бастап ішкен жөн. Күніне 3-4 мәрте 1 ас қасықтан артық қолданбаған дұрыс. Сонда бұл сусын өмірлік күш-қуат береді.

Инфарктке қарсы шай

Күрең от (иван-чай), шай қурай (зверобой), мелисса және жалбызды (мята) бірдей мөлшерде алып араластырамыз. Шайнекке демдеп, күніне үш мәрте ішеміз. Бұқтырылған шай аса қою болмауы қажет. Яғни, 1 шай қасық шай демдейтін шағын шайнекке жеткілікті.

Тибет шайы

Жас көрінудің сыры дәрілік шөптерде болады. Ол үшін шай қурай (зверебой), салаубас (бессмертник), түймедақ (ромашка), қайын бүршігі (березовые почки) әрқайсысынан 100 грамм алып араластырамыз да, 1 ас қасығына жарты литр су құйып демдейміз. Сосын жарты сағат бұқтырып қоямыз. Жатарда 1 стақан шайға 1 қасық бал салып ішеміз. Одан кейін ештеңе жеуге де, ішуге де болмайды. Организмде тазару процесі жүреді. Қалған шайды таңертең жылытып, тағы да бал қосып ішесіз. Жасару курсы араластырылған шөптерді тауысқанда аяқталады.

Тибет монахтарының шайы

Бұл енді өте дәмді. Мұны дайындау үшін көк шай (прессованный), сүт, мускат жаңғағы, тұз, май керек. Шайды пышақпен езіп, ыстық су құйып, қайнауға дейін жеткізеді. Сосын сүт құйып, тағы қайнатады, жиі араластырады (99 реттен кем емес). Қайнап болған соң дәміне қарай тұз, сәл-пәл мускат жаңғағы мен бір қасық сары май қосады. Шайды сүзгіден өткізіп, науқасқа тамақ ретінде ішкізеді. Әсіресе, асқа тәбет жоқ кезде ұсынады. Шай күш-қуат беріп сергітеді. Дәрігерлер мұндай шайды өтінде тасы барларға ішуге тиым салады.

Көк шай

Күніне 5-6 кесе қант қоспай ішкен көк шай арықтауға көмектеседі. Көк шайдың тұнбасымен варикоз кезінде аяққа булау жасауға болады. Бет терісі қартаймас үшін көк шаймен жуынған пайдалы.

Қою көк шаймен (оның ішінде қара шай да) көз қабынғанда және іріңдегенде жуады. Жаңа демделген көк шайдың буына көгерген, соғып алған, ісінген жерлерді қойса, ауырсынғаны басылады.

Жүрек шайы

Қалақай (крапива), қызыл қарақат (красная смородина) жапырағы және шетен (рябина) кептірілген жемісінен бірдей мөлшерде термосқа салып, 1 литр қайнаған су құямыз. Бұқтырып болған соң бал қосып ішеді.

Бас сақинасын жазатын шай

Хош иісті киікотынан (душица) демделген шаймен бас ауруын емдеуге болады. 1 ас қасық шөпке 250 мл қайнаған суда 2-3 минут тағы қайнатамыз. Суыған соң тұнбамен шампунь мен сабын қоспастан басты жуады. Сосын шаймай-ақ басты жылы орамалмен жарты сағат орап жатады. Мұндайда бас сақинасы тез жазылады.

Қан қысымына қарсы шай

Қан қысымы көтеріліп, бас қатты ауырғанда тәтті қою шай көмектеседі. Бір кесе шайға 5 түйір қант салып ішсе де болады. Бұл уақытта миға глюкоза қажет. Мұндай шайды ішкен соң бірнеше минуттан кейін қан қысымы 170-тен 140-қа төмендейді.

Тазартқыш «шай»

Дәрілік шөптерден жасалған тұнбалар паразиттерге ұнамайды. Сондықтан жебір (чабрец), пижма, мия тамыры (корень солодки), шай қурай (зверобой), түйе жапырақ (лопух), қырықбуын (хвощ), арша жемісінен (ягоды можжевельника) 1 қасықтан аламыз. Оған 0,5 литр қайнаған су құямыз да тұндырып қоямыз. Шай сияқты жылы күйінде 7 күн бойы жарты стаканнан тамақ алдында ішеміз. Сонымен бірге ішектерді тазалайтын клизманы апта бойы жасаймыз. Клизма дайындау үшін 1 литр суға 1 шай қасықтан тұз бен алма сірке суын (яблочный уксус) қосамыз. Ал 7 күні микроклизманы 1 стакан жылы суға 1 ас қасық өсімдік майын құйып жасаймыз. Күні бойы сұлы жармасынан (овсянка) жасалған кисель ішеміз, 8-ші күні таңертең 300 грамм асқабақ дәнін жеп, шөптерден жасалған тұнба мен бір рюмка касторды ішеміз. Сосын тағы да клизма жасаймыз.

Шаршағанды басатын шай

Жалбыз (мята), киікоты (душица), жебір (чабрец) 1 шай қасықтан алып, шайнекке демдейміз. Мұндай шайды ыстық суды араластырмастан ішеді. Сондай-ақ қайың сүйелінен (березовая чага) дайындалған шай да күш береді. Оған ыстық су құйып бұқтырып қояды. Хош иісті болуы үшін аздаған жалбыз бен бал қосады. Бұл шай гастрит, мастопатия, ірің кернеген ісік пен қатерсіз ісік кезінде жақсы көмектеседі. Дәрігерлер мұндай шайды ішкенде тұзды, қышқылды тамақтан бас тартып, сүтті-өсімдікті диетаға көшуді жөн санайды. Бұдан басқа 2 ас қасық қылқан жапырақ (хвоя), 2 ас қасық итмұрын (шиповник), 2 ас қасық пияз қабығы мен 1 лимон қабығына стакан су құямыз да, күніне 4 мезгіл ішеміз.