Саясат
Ресейдің қорғаныс министрінің ойы
Ресейдің Батыс Еуропамен шекараласып жатқан аймағына үш бірдей қауіп төніп тұр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрі Сергей Шойгу хабарлады.
- Бірі Шығыс Еуропада НАТО әскерінің күшейтілуімен байланысты болса, қалған екеуі Польша мен Румынияға АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің орналастырыла бастауымен, НАТО-ның Финляндиямен және Швециямен әскери ынтымақтастығын кеңейтуімен байланысты, - деді Шойгу.
Оның айтуынша, Ресей бұл қауіптерді бейтараптандыру үшін шаралар кешенін жүзеге асыруда.