Weekend
Акция халықтың қаржы сауаттылығын арттыру мақсатында жасалып отыр
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Wipon мобильді қосымшасының қолдауымен 2019 жылдың 21 тамызы мен 30 қараша аралығында өтетін жыл сайынғы «Чекті талап етіңіз – Сыйлықты ұтып алыңыз!» науқанын өткізбек.
Жүлде қоры 3 млн теңге мен бас жүлде - автокөлік ойнатылады.
Науқанның мақсаты – азаматтық белсенділікті арттыру, тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, сондай-ақ кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру болып табылады.
Осылайша, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарға салық заңнамасын сақтау бойынша қоғамдық бақылауға қатысуға және бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылы, өткен жылдағыдай, акция Apple App store және Google Play market-тен тегін көшіріп алуға болатын «Wipon» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Науқанға онлайн-кассалық бақылауға фискалды тексеру деректерін беру арқылы тауарды, жұмысты немесе қызметті сатып алуды растаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Чекті жібергеннен кейін қатысушы 5 000 теңгеге дейін балансқа қаражат ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрайды. Барлық жіберілген чектер акцияның басты жүлде – автомобильдің ұтыс ойынына қатысады.
Фискалдық чек берілмеген жағдайда азаматтар да осы бұзушылықтарға бейне тіркеумен шағым жібере алады. Онлайн-БКМ фискалдық чектері ұтыс ойынына қатысады.
Гранд финал ағымдағы жылдың соңында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді. Басты жүлде жеңімпазы чекті кездейсоқ таңдау әдісі бойынша анықталады. Осылайша, чектер көп жіберілген сайын, соғұрлым қатысушының автокөлікті ұтып алу мүмкіндігі арта түседі.
Zakon.kz