Саясат
Елге сіңірген еңбегі мол
Қазақстанның Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бердібек Сапарбаевты әкім де, министр де боп жақсы жұмыс жасағанын айтып мақтады.
Елбасы «Nur Otan» партиясының Саяси бюро отырысында шенеуніктерге кабинетте отыра бермей, ел алдына шығып, жақын жұмыс жасау керектігін айnып, кеңес берді.
- Мәселені жасыру – ең нашар іс. Елдің алдына шығудан, сұрақтарына жауап беруден қашпау қажет. Бар мәселені шешу керек. Министрлер мен әкімдеріміздің арасында халықпен шынайы жұмыс істей алатындары бар. Бердібек Машбекұлы, сізді вице-премьер болып тағайындалғаныңызбен құттықтаймын. Төрт бірдей облыстың әкімі болдыңыз... Біз халықпен тілдестік, олар біздің түсінді емес пе? Солай ма? – деді Елбасы.
Айта кету керек, кеше Бердібек Сапарбаев премьер-министр Асқар Маминнің орынбасары болып тағайындалған еді.