Саясат

Ресейдің G8-ге оралуы - Украинаның жеңілуі

Бұл туралы Украинаның вице-премьері мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің қатысуымен "үлкен сегіздік" форматын жаңарту Киевтің жеңілісіне айналады, деп санайды Украинаның вице-премьері Вячеслав Кириленко. Бұл туралы саясаткер Twitter парақшасында хабарлады.

- Донбасс деокуппациясы пен Қырымның деаннексациясы орындалмай, Ресейдің G8-ге оралуы Украинаның жеңілісіне айналады, — деп жазды Кириленко.

Оның пікірінше, G8 форматын жаңарту мүмкіндігі туралы мәлімдеме Батыс елдерінің Украинадағы биліктің ауысуын, Ресейге қатысты позицияның өзгеруі ретінде қабылдағанын көрсетеді.