Саясат
Қазақстан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін шығармайды
«Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін, атап айтқанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407 әкетуге 2019 жылғы 18 тамыздан бастап алты ай мерзімге тыйым салу енгізілді. Бұған қатысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 бұйрығы шығарылды», - делінген Комитет хабарламасында.