Экономика
Қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясының Өзбекстанға экспортталатын балмұздақтары үш есеге дейін көбейді
Аталмын Қазақстандық компания елге жақын жатқан сегіз мемлекетке балмұздақ экспорттайды: олар – Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Әзірбайжан.
- Бізге жарнама көмектесті: өзбекстандық блогерлер қолдау көрсетті. Мақсатымыз - Өзбекстанда импорттық тауар ретінде танылу. Жақсы пікірлер естім жатырмыз, ең бастысы, - дейді компанияның Алматыдағы бөлімшесінің директоры Дмитрий Докин.
Докиннің айтуынша, әр елдің өз тәттісі бар. Яғни, бір елдің жақсы көретін тәттісін келесі ел мүлдем «жақтырмауы» мүмкін. Мәселен, Өзбекстанда сатылатын балмұздақтың «Бахром» түрі Қытайда мүлдем сатылмайды. Олар мұндай балмұздақты «тым тәтті» дейтін көрінеді.
Forbes.kz