Weekend

21,18,16 жыл: Ең ұзақ жыл басшылықта отырған қай университеттің ректоры?

Тізімді Сіз де толықтыра аласыз...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев университеттерде 10-20 жыл отырған ректорларды ауыстыру қажеттігін айтқан болатын.

- Ректорлармен жұмыс істеу керек. Бірнеше жыл, 10-20 жылдан отырған ректорлар бар. Білім және ғылым министрі, соның бәрін қара. Қазір біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен келістік. Президент (ректорларды – авт) тағайындамайды. Үкімет бөліп.... жасайды. Жұмыс істейтін, балаларға жаны ашитын, білім беретін адамдарды қалдыру керек. Ол кезде барлығы саған шығады. "Ойбай ананы сөйт, мынаны бүйт" дейтіндер шығады, - деген еді Елбасы Білім министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

Ендеше бірнеше жылдан бері отырған ректорларды назарларыңызға ұсынамыз.

Сәлима Сағиқызы Құнанбаева 1943 жылы Алматы облысы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ол 1998 жылдан бері Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры. Биыл ректор қызметінде отырғанына 21 жыл болыпты.

Тілектес Исабайұлы Есполов 1952 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қарасай ауылында дүниеге келген. 2001 жылдан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық универстиетінің ректоры. Биыл бұл қызметте отырғанына 18 жыл.

Амангелді Жұмағалиұлы Омаров 1941 жылы 30 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Ол 2003 жылдан бері - Қазақ жол қатынастары университетінің ректоры. Биыл ректор қызметінде отырғанына 16 жыл.  

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов 1956 жылы Семейде дүниеге келген. 2011 жылдан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры. Ректор қызметінде отырғанына биыл 8 жыл.

Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов 1957 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Белтерек ауылында туған. 7 қазан 2010 ж. Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалған. Ректор қызметінде отырғанына биыл 9 жыл.

Тізімді сіз де толықтырыңыз...