Саясат

Украинаның бұрынғы президенті Порошенко 8 миллиард доллар жымқырған

Бұл туралы Украинада туылған Америкалық кәсіпкер мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америкалық миллиардер Sam Kislin Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко қызмет еткен тұста елден кем дегенде 8 миллиард доллар жымқырғанын әрі ұрланған ақшаның көп бөлігін қайтару мүмкін емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы RT.COM сайтына сілтеме жасап.

Украинада туылған кәсіпкер Kislin ондаған жыл бұрын Америка Құрама Штаттарына қоныс аударған және өткен жылы елдің экономикалық мүдделерін қорғау қажеттілігіне байланысты Украинаға кіруіне тыйым салынған болатын. Оның айтуынша, тыйым сол кездегі президент Порошенконың бұйрығымен шығарылған, себебі ол Kislin сыбайлас жемқорлықты ашуы мүмкін деп қорыққан.

- Порошенконың өзі президенттік кезінде Украинадан кем дегенде 8 миллиард доллар алып кетті. Тек маған белгілі фактілер бойынша 700 миллионнан 800 миллион долларға дейін «Центрэнерго» мемлекеттік компаниясы арқылы ақша алынды, - деді Kislin Strana.ua жергілікті интернет-басылымына.

Және бұл ақша экс-президент бақылайтын оффшорлық компанияларға аударылғанын айтты.

Инвесторлар өз қаражаттарын тартып алғысы келгенімен, 8 миллиард доллардың тек 5 миллиард долларын ғана қалпына келтіруге болады. Kislin сот шешімі украиналық салық төлеушілерді төлем жасауға мәжбүр етуі мүмкін дейді.

- Бірақ мен Порошенко бұл үшін өз мүлкімен және ақшасымен жауап береді деп үміттенемін, - деп қосты кәсіпкер.

Kislin-нің айтуынша, қазір Украинаның бұрынғы басшысына қатысты бірнеше қылмыстық іс ашылды. Ол егжей-тегжейін айта алмағанымен, хабарға қарағанда, оның бірі ХВҚ-ның қаржылық көмегі арқылы заңсыз пайдаланумен байланысты екені айтылған, бұл көмек қаржысы коммерциялық банктер арқылы алынып, содан кейін Порошенконың тапсырысы бойынша таратылған (жаймаланған).

Ол тағы да мұндай қылмыспен АҚШ-та 300 жылға дейін түрмеде жатуы мүмкін екенін айтты. Наурызда Украинадағы президенттік сайлауға бір ай қалғанда, Kislin Порошенконы украин халқына қарсы геноцид жасады деп айыптап, оның жақында биліктен кететінін болжаған болатын. Порошенко ақырында әзілкеш әртістен саясаткерге айналған Володымыр Зеленскийден ойсырай жеңілді.

Сайлаудан кейін Украинаның қауіпсіздік күштерінің (SBU) жаңа басшысы Kislin-нің Украинаға кіруіне тыйым салу туралы бұйрықты күшінен қалдырды. Кәсіпкер  халықаралық құқық қорғау органдарының көмегімен Порошенконың қылмысын тергеуге көмектескісі келетінін жеткізді.