Hi-Tech
Жағдай қайталауы мүмкін
“Reuters” сайты 21-тамыздаAlphabet Inc компаниясына қарасты Google, Apple Inc және Firefox браузерін жасаушы Mozilla сәрсенбіде Қазақстан үкіметіне өз браузерлерін пайдаланып Интернетке бақылау жүйесін құруға кедергі жасау үшін шаралар қабылдады деп хабарлады.
- Google Chrome және Mozilla Firefox үкіметтің шифрлау туралы куәлігін бұғаттайды, өйткені бұндай куәлік билік органдарына браузерлерді қолдана отырып, қолданушылардың жазған жазбаларын, соның ішінде есептік жазба мәліметтерін және парольдерді оқып алуына мүмкіндік береді, - делінген аталмыш компаниялардың жеке мәлімдемесінде.
Сонымен қатар Apple компаниясы Safari браузерін пайдаланушыларды қорғау үшін осындай шаралар қолданатынын мәлімдеді.
Бұл туралы Қазақстан билігі бірден түсініктеме бермеді.
Осы айдың басында Қазақстан бұл жүйені енгізу тоқтатылды деп мәлімдеген болатын, оны сынақ ретінде шығарылды деп түсіндірген.
Ал мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері жүйенің мақсаты қазақстандық қолданушыларды «хакерлік шабуылдардан, интернеттегі алаяқтықтан және киберқауіптердің басқа түрлерінен» қорғау деп мәлімдеген еді.
Алайда ұлттық қауіпсіздік комитеті осы айда жасаған мәлімдемесінде «егер кибериялық және ақпараттық шабуылдар түріндегі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер туындаса», жүйені қайтадан орналастыруға болатынын айтты.
Хабарда сондай-ақ, Қазақстан үкіметі сыншылар қолданатын веб-сайттар мен қосымшаларды, соның ішінде Facebook және Youtube-ты қысқа мерзім ішінде үнемі жауып тастап отыратыны айтылды.
Бұндай жағдай көбінесе халық наразылығымен сәйкес келеді. Ең соңғы толқыны 9-шы маусымдағы сайлау науқанында болған еді.