Экономика

Forbes ең жоғары ақы алған жұлдыздарды атады

Forbes рейтінгісі бойынша әлемнің ең бай жұлдыздарының ондығына төрт спортшы, актер, тележүргізуші, модель және үш музыкалық топ енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Соңғы 12 айда 100 селебрити өздерінің байлығын 6,3 миллиард долларға арттырған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22%-ға көп; 11 супержұлдыз жылына $100 млн астам пайда тапқан, екі жыл бұрын бұл табалдырықты небәрі 5 адам еңсерген болатын.

Боксшы Флойд Мейвезер 285 миллион долларымен тізімнің ең басына орналасты. Салық декларациясына сәйкес, бұл табыстың басым бөлігін ММА спортшысы Конор Макгрегормен өткен жекпе-жектен тапқан.

Ал екінші орынға актер Джордж Клуни 239 миллион долларымен жайғасады. Оның табысы негізінен бес жыл бұрын Клуни мен оның екі досы шығарған премиум текила Casamigos брендінің сатылымынан түскен. Британдық алкоголь өндірушісі Diageo бұл компанияны  $1 млрд сатып алған, сондықтан Джордж үшін бұл ең жақсы инвестиция болып табылады.

Модель Кайли Дженнер 166,5 миллион доллар тауып, рейтінгіде үшінші орынды иемденеді. Бұл тізімдегі ең жасы кішісі –  Кайли Дженнер. Қазіргі уақытта ол небәрі 20 жаста.

Джуди Шейндлин өзінің «Судья Джуди» шоуымен $147 млн табыс тауып, төртінші орынға шықты, ал Дуэйн «Скала» Джонсон блокбастерлердің, соның ішінде жақында шыққан «Skyscrape» фильмінің арқасында тапқан $124 млн қаржысымен көшбасшылардың бестігін бекітеді.

Соңғы жиырма жыл ішінде Forbes-тің тізіміне 700-ден астам актер, актрисалар, музыканттар, спортшылар және басқа да жұлдыздар кірген болатын, жалпы алғанда $80 млрд астам ақша тапқан. Осы жылы рейтингке 17 елдің өкілдері кіреді: АҚШ, Ұлыбритания, Барбадос, Португалия, Ирландия, Бразилия, Аргентина, Австралия, Швейцария, Канада, Қытай, Мексика, Колумбия, Германия, Испания, Греция, Үндістан. Жаңадан келгендердің қатарында: Pink Floyd тобының майдангері 70 жастағы Роджер Уотерс (№28, $68 миллион) және Imagine Dragons музыкалық тобы (№ 89, $36,5 миллион) кіреді.

Рейтингке салықтар шегергенге дейінгі, сондай-ақ менеджерлеріне, агенттеріне және заңгерлеріне бонустар төленгенге дейінгі 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 2018 жылдың 1 маусымына дейінгі барлық кірістері есептелінген. Бағалау Nielsen, Pollstar, IMDB, SoundScan, NPD BookScan және ComScore сандарына негізделген.

Ең дәулетті танымал 10 жұлдыз:

1. Флойд Мейвезер (боксшы, АҚШ) - $ 285 млн

2. Джордж Клуни (актер, АҚШ) - $ 239 млн

3. Кайли Дженнер (модель, АҚШ) - $ 166,5 млн

4. Джуди Шейндлин (тележүргізуші, АҚШ) - $ 147 млн

5. Дуэйн Джонсон (актер, АҚШ)- $ 124 млн

6. U2 (музыкалық топ, Ирландия) - $ 118 млн

7. Coldplay (музыкалық топ, Ұлыбритания) - $ 115,5 млн

8. Лионель Месси (футболшы, Аргентина) - $ 111 млн

9. Эд Ширан – музыкант, Ұлыбритания) - $ 110 млн

10. Криштиану Роналду (футболшы, Португалия) – $108 млн.