Саясат

Huawei-дің негізін қалаушы: Компания «өмір мен өлім арасында»

Компания басшысы қызметкерлердің қысқаратындығын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайлық Huawei компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Жэнь Чжэнфэй қызметкерлеріне компанияның «өмір мен өлімнің арасында тұрғанын» ескертті.

Осыған байланысты Huawei басшысы жұмысы азайған қызметкерлерге "арнайы топтарға" енуге не болмаса, компанияның жаңа жобаларына қатысуға кеңес берді. Олай болмаса, олардың жалақысы қысқару не жұмыстан босатылуы мүмкін. 

Осыған қарамастан, Жэнь Чжэнфэй өзінің компаниясының әлі гүлденетіндігіне және АҚШ-тың санкциялары оған айтарлықтай зиян келтірмейтініне сенім білдірді. Ол сонымен қатар АҚШ-тың қара тізіміне енуі Huawei үшін стратегиялық тұрғыдан пайдалы деген пікір айтты.

- Енді біздің компания бәсекеге қабілетті өнімдерге көбірек назар аудара алады, - деп түсіндірді Чжэнфэй. - Huawei американдық компанияларға сенім артпай-ақ сәттілікке жете алады.

2019 жылдың мамырында Huawei және 70 еншілес компания АҚШ Сауда Министрлігінің қара тізіміне енгізілді. Нәтижесінде бірқатар ірі америкалық технологиялық кәсіпорындар, соның ішінде Intel және Google қытайлық компаниямен ынтымақтастықтың тоқтатылғандығы туралы хабарлаған болатын.

Маусым айының соңында АҚШ пен Қытай көшбасшылары Дональд Трамп пен Си Цзиньпин G20 саммитінде америкалық компаниялар Huawei үшін ынтымақтастыққа тыйым салуды алып тастау туралы келісімге келген болатын. Алайда, шілде айының соңында екі ел арасындағы қарым-қатынастар қайтадан ушығып кетті.

Осыдан кейін АҚШ билігі әзірге америкалық компанияларға қытайлық контрагентпен жұмыс істеуге лицензия бермеуді шешкені белгілі болды.

Kursiv.kz