Bugin
Жеңіс шыңына 14-ші рет аттанды
Қазақстан әскери күштері жоғалып кеткен альпинистерді іздеу үшін Жеңіс шыңына 14-ші рет аттанды деп хабарлайды.
- Іздеулер 5100-ден 6000 метрге дейінгі биіктікте жүргізілді. Баурайға максималды жақындау 70 метрді құрады. Іздеу-құтқару жұмыстары бөлімінің бастығы Василий Пивцовтың айтуынша, бақылау, сонымен қатар жылу түсіргіштерді пайдалану ешқандай нәтижелер берген жоқ. Тірі адамдар мен денелерден белгілер табылмады, - делінген хабарламада.
Ведомствода атап өткендей, ауданда қар көшкінінің түсу қаупі сақталуда, сондықтан жүріп іздеу жұмыстарын жүргізетін адамдар үшін үлкен қауіп пен қатер туғызады. Қазіргі уақытта әскери қызметкерлер «Қарқара» лагерінде. Тянь-Шань тауларында жоғалып кеткен алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев 19 тамыздан бастап іздестірілуде. Олардың туыстары әлі күнге дейін тірі деп үміттеніп, іздеуді тоқтатпауды сұрайды.
Tengrinews.kz