Саясат

Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Индира Жолдыбаева үй қамағына алынды

Батукаевты түрмеден заңсыз босату фактісі бойынша

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Индира Жолдыбаева үй қамауына алынды, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы КирТАГ-қа сілтеме жасап.

- 2019 жылы 20 тамызда сотқа дейінгі іс жүргізу аясында Индира Ырысбайқызы Жолдыбаеваға Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 43-баптың 4 бөлігі, 319-баптың 2 бөлігі (Сыбайлас жемқорлық) бойынша қылмыс жасады деген күдік туралы хабарлама жіберілді. Бішкектің Первомайский аудандық соты оған қатысты үй қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, - деп хабарлады елдің ішкі істер министрлігі.

Бұрынғы Бас прокурор Жолдыбаеваға «заңдағы ұры» Азиз Батукаевты түрмеден заңсыз босату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалуды.

Жолдыбаеваға Бас прокурор Аида Салянованың  орнына келген еді, алайда, 2018 жылдың 13 сәуірінде ол Президенттің ұсынысымен қызметінен алынды.

- Бас прокурор оған жүктелген жауапкершілікті орындай алмады, - делінген Мемлекет басшысының ұсынысында.

Батукаевты заңсыз босату туралы қылмыстық іс бойынша айыптауға қазірдің өзінде дәрігерлер мен жоғары лауазымды тұлғалардан тұратын 17 адам қатыстырылды. Олардың қатарында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Динара Сағынбаевға; мемлекеттік жазаны орындау қызметінің бұрынғы басшысы Зарылбек Рысалиевке; бұрынғы Бас прокурор Аида Саляноваға; бұрынғы вице премьер-министр Шәміл Атахановқа; Нарын қалалық сотының төрағасы Жапар Эрматовқа; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Бусурманқұл Табалдиевке, сондай-ақ ҚР бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа айып тағылды.