Спорт

"Барыс" магнитогорскілік ұжымнан басым түсті

Бұл ойынға Ұлттық Хоккей Лигасында (НХЛ) тәжірибесі бар шведтік ойыншы Виктор Свадберг дебюттік ойынын өткізуге шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрлықтық Хоккей Лигасының кезекті турында елордалық "Барыс" хоккей клубы магнитогорскілік "Металлург" командасын өз айдынында қабылдап, 3-1 есебімен жеңіске жетті. 

Ескерте кететін жайт, бұл ойынға қатысатындар тізіміне елордалық клубтың фавориттері Роман Старченко мен команда капитаны Брэндон Боченски жарақат алуына байланысты енбеген болатын.

Кездесудің алғашқы бөлігінде қос ұжымның да ойыншылары нәтижелі соққысымен көзге түсе алмады. Үзілістен кейін Андрей Скабелка шәкірттері екінші кезеңді белсенді бастап, үшінші минутта есеп ашты. Алексей Маклюковтың пасын сәтті пайдаланған Павел Акользин мергендігімен көзге түсті. Ал екінші кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда "Барыс" хоккейшілері төрт ойыншымен есептегі басымдықтарын еселеді. Екінші шайбаның соғылуына Кертис Валк және Алексей Маклюковтың үлесі зор. Аталған қос ойыншының пасын тиімді пайдаланған Мэтт Фрэттин өз еншісіне шайба жазды.

Үшінші кезеңде де "Барыстың" басымдығы көзге ұрды. Ойынның соңғы бөлігінде Валерий Орехов пен Павел Акользин жұбы Никита Михайлистің шайба соғуына мүмкіндік жасап берді. Осылайша есеп, 3-0ге жетіп қонақтар тығырыққа тірелгендей көрінген. Алайда Любимов пен Пакаринен Хенрик Карлсон қорғаған қақпадан саңылау тауып, есепті бір шайбаға дейін қысқартты. 

Бірақ қонақтар соққан сооқан қос шайба жеңіске жетуге аздық етті. "Барыс" өз алаңында кезекті жеңісін тіркеді. 33 ойыннан кейін "Барыс" Шығыс конференциясында 46 ұпаймен үздік бестікті түйіндесе, магнитогорскілік "Металлург" 49 ұпаймен төртінші орында.

"Барыс" бұған дейінгі "Автомобилистпен" өткен ойында қонақтарға 2:7 есебімен есе жіберген болатын.

Елордалық ұжымның келесі ойыны Астанада 6 желтоқсан күні челябинсктік "Тракторға" қарсы өтеді.