Bugin

Адамдар от пен оқтың арасында өмір сүріп жатыр: Ресейлік азаматшаның көз жасы (Видео)

Красноярск қаласының тұрғыны ресейліктерге видеожолдау жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Красноярск аймағына қарасты Ачинск ауданында орналасқан қару-жарақ базасында 5 тамыз күні алып жарылыс болған еді.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Каменка ауылына жақын артиллериялық қоймада 40 мыңнан астам снаряд болған. Алайда оның қаншасы жарылғаны жайлы ақпарат жоқ. Төтенше жағдайдан 12 адам зардап шегіп, бір адам көз жұмды.

Алайда жарылыс болған өлкеде туыстары тұратын Краснояр қаласының тұрғыны, ресей азаматшасы бұл аумақта әлі де қауіптің сейілмегендігін, тұрғындардың атыс пен жарылыс аймағында жанкешті өмір сүріп жатқанын айтып, видеожолдау жасады. Видео Ешкин крот Youtube арнасында жарияланған.  

Азаматшаның айтуынша, құқық қорғау органдары аймақта болып жатқан жағдайды барынша жасырып отыр.

- Әскери бөлімнің басшылары борышын өтеп жүрген сарбаздарды, жас әскерилерді жарылған снарядтарды күштеп қолмен жинауға мәжбүрлеп отыр. Жігіттердің үстінде не қолында арнайы киімдерді де жоқ. Аумақ өте қауіпті. Снарядтар күнде жарылып, адамның төбесінен ұшып жатыр. Менің анамның үстінен екі рет ұшып барып жарылған екен. Адамдарды қорқыту арқылы шындықты айтқызбай отыр. Өйткені бұл аумақта тұрып жатқандардың барлығы әскери базада жұмыс істейтіндер, - дейді азаматша.

Айта кеткен жөн, Ресейің әскери базасында болып тұрған бұл бірінші жарылыс емес. Бұған дейін Амур, Орынбор, Самар облысындағы, Примор аймағындағы, Башқұртстан мен Удмуртия аумағындағы әскери базаларда бірнеше рет жарылыс болған еді.

Ал өткен айда Қазақстанның Арыс қаласындағы әскери базада да қатты жарылыс болып, қала халқы босып кеткен еді.