Саясат

Нұр-Сұлтан әкімі Назарбаевтың мақтауын қалай қабылдағанын айтты

Мақтауды ақтауым керек!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы басқарушылардың жаңа буыны туралы айтып, Алтай Көлгіновті үлгі еткен еді.

- Мен мұны "аванспен" айтылған мақтау деп қабылдадым. Мен бұл үмітті ақтауым керек. Ең бастысы, ел басшылығы мен халқымыздың маған артқан сенімі. Мен үшін басты басымдық – осы, - деді Көлгінов педагогтардың тамыз конференциясынан кейін.

Бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарушылардың жаңа буыны туралы айтып, Алтай Көлгіновті үлгі еткен еді. Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы оны өңірдегі жұмысы үшін мақтады. Назарбаев "Болашақ" бағдарламасымен оқып келген жастарды облыстарға әкім қылып жіберу практикасын жалғастыру қажет екенін айтқан болатын.

Алтай Көлгінов 2019 жылдың маусымынан бері Нұр-Сұлтан қаласын басқарады. Жас әкім "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда білім алып келген.

Sputnik Қазақстан