Саясат
Мыңнан астам жауынгер қатарға қосылмақ
Биылдан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы, алдағы екі жылдың ішінде елдің басқа қаларындағы ішкі әскердің саны кеңейтіліп, шұғыл әрекет ету жасағының құрамына жауынгерлер алынбақ, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚазТаг агенттігіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі оның аумақтық органдары мен оған қарасты мемлекеттік мекемелердің штаттық бірлігін көбейту туралы үкімет қаулысы осы жылдың қазан айынан бастап іске қосылмақ.
- Жоба Қазақстан Республикасы президентінің 2019 жылғы 5 шілдедегі «19-2454 тапсырмасына сәйкес әзірленген, соған сәйкес ІІМ-нің полицияның өңірлік департаменттерінің ШӘАЖ 1115 бірлік қосымша штаттық санын енгізу үшін бюджет қаражатын бөлу туралы ұсынысы қолдау тапқан, - деп мәлім етті құжаттың түсіндірме жазбасында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев.
Оның айтуынша, «ШІЖҚ штаттық санын арттыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады».
- 1 кезең – 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 340 бірлік (Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларындағы ПД); 2 кезең – 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап 317 бірлік (Шымкент, Атырау, Қарағанды, Маңғыстау қалалары, Түркістан облысы ПД); 3 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 458 бірлік (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары ПД), - делінген түсіндірме жазбада.
Министрлер кабинетінің қаулы жобасы 27 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Атап өтелік, ІІМ ШӘЖҚ жауынгерлері бірнеше ай бойы Нұр-Сұлтанда, Алматы мен басқа да қалаларда өткен қарсылық акцияларына белсенді түрде жұмылдырылды. Ғаламторда ШӘЖҚ жауынгерлерінің бейбіт халықты соққыға жығып жатқанының видеолары орналастырылған, сондай видеоның бірі Нұр-Сұлтанда «Жастар» жастар сарайының алдында түсірілген.