Bugin
Қанша шығын келгені белгісіз
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театры өртенуде. Облыстық төтенше жағдай қызметі хабарлағандай, өрт туралы сигнал сағат 13.30-да келіп түскен, қазір ғимарат ішіндегі электр қалқаны тұтанғаны белгілі болып отыр.
- Осы жағдайға байланысты жедел штаб құрылды. Құтқару қызметінің елу адамы, 9 дана техника жұмылдырылып отыр. Себебін анықтағаннан кейін, ғимаратты қалпына келтіруге тырысамыз, - дейді оқиға орнына келген Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.
Айта кетейін, осыдан екі ай бұрын алты жүз орындық драма театры күрделі жөндеуден өтіп, тапсырылған еді. Бұл жұмысқа анау-мынау емес, 800 миллион теңге бюджет қаражаты жұмсалған. Бұған дейін де 2014 жылы театрдың қасбеті, 2006 жылы күрделі жөндеу жасалды. Осыншалық күш пен қаржыны қажет еткен драма театрының қанша шығын шеккені әзірге белгісіз.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61