Woman

Ас бөлмеде болатын ең қауіпті 5 зат

Үйде ең көп бактериялар ас бөлмеңізде кездеседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түрлі бактериялар сіздің денсаулығыңызға кері әсерін тигізбес үшін, олар көп шоғырланатын заттарды таза ұстап, уақыты келгенде жаңалап отыруды әдетке айналдырыңыз.

Ыдыс жууға арналған губка

Ыдыс, қазан мен табадағы тағамның қалдығы, кірі мен майы губкаға тез жиналғандықтан, микробиолог мамандардың айтуынша, асханаңыздағы ең қауіпті зат болып табылады. Қолданып жүрген ыдыс жуғыш губкада қалған бактериялар жиналып, ішек таяқшасы мен сальмонелла сынды қауіпті вирустардың көбеюіне жол ашады. Егер сіз ыдыстарды жуып болған соң, раковинаның ішін де сол губкамен сүртетін әдетіңіз болса, бүгіннен бастап олай жасаудың қауіпті екенін есте ұстағаныңыз жөн. Ыдыс жууға арналған губканы әр 2 апта сайын ауыстырыңыз.

Газ плитасы

Бұл техникаға аса ұқыппен қараған жөн. Бұзылып тұрған жағдайда тексеру үшін де қосып көруге абай болу керек. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, газ плитасына ер адамдарға қарағанда әйелдер жиірек күйіп қалады екен.

Тоңазытқыш

Тоңазытқыштағы жеміс-жидек пен көкөністер сақтайтын орында   бактериялар көп кездесетіні дәлелденген. Есіңізде ұстаңыз, ет өнімдері мен жеміс-жидектерді бір-біріне жақын қоймаған абзал. Ал жеміс-жидек пен көкөністер сақтайтын орындарды ас содасымен жуып тұру керек. Сонымен қатар, бірнеше тәулік тоңазытқышта тұрған тағамды жеуге болмайды.

Тостер

Тостер зерттеулер нәтежиелері бойынша жылына шамамен 700 адамның өліміне себепші болатын ас бөлмедегі қауіпті заттардың бірі. Бұл құрылғы тоққа тығылып тұрған кезде тұрып қалған нан бөлігін пышақпен алуға мүлде болмайды.

Тақтай

Шикі етті тураған кезде бактериялар тақтайды жуған соң да қалып кетуі мүмкін. Азық-түлік турайтын тақтай мен ет турауға жеке-жеке бөлек тақтай арнағаныңыз дұрыс.