Саясат
Макрон Ұлыбританияның еш келіссөзсіз Еуро Одақтан шықпақ болғаны үшін Борис Джонсонды мысқылдады
Франция президенті Эммануэль Макрон Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсонға Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шықты дегеннің өзінде, Дональд Трамп басқарған Американың «кіші серіктесі» болып қала беретіндігін, ескертті деп жазды RT.COM ақпараттық сайты.
Бейсенбіде Париждегі Елисей сарайында өткен кездесудің алдында Макрон Ұлыбритания Еуро Одақтан шыққаннан кейінгі АҚШ-пен арадағы сауда-саттық мәмілесінің пайдасы туралы Джонсонның үмітіне су сепкендей болды.
Ол журналистерге Еуропа Одағынан ажыраудан келген зиянның орынын АҚШ-пен сауда келісімі арқылы толтыру мүмкін емес екенін айтты. Және егер олар келісімсіз сценарийді ұстанса, басты құрбан Ұлыбритания болады деп пікір білдірді. Макрон Ұлыбритания ақыр соңында Құрама Штаттардың клиентіне айналады деді.
...Бұл стратегиялық таңдау болған күннің өзінде, соның өтемі ретінде Ұлыбритания тарихи қолшоқпар болуға мәжбүр болады...Меніңше, бұл Борис Джонсонға керек емес. Әрі бұлай болуды британдықтар да қаламайды.
Сондай-ақ, Франция президенті Джонсон-ның қазіргі Brexit (Еуро Одақтан Шығу) келісіміндегі ирландиялық қолдауды жоюды жоспарлауы дұрыс емес деп кесір айтты.
Макрон Джонсонның дүйсенбіде ЕО президенті Дональд Тускқа жазған хатында ЕО «біртұтас нарықтың тұтастығы» мен «Жақсы жұма келісімі» арасында біреуін таңдау керек деп ұсынғанын түсіндірді.
- Біз екеуінің арасында таңдау жасай алмаймыз. Біз Ирландиядағы бейбітшілікке қауіп төндірмейміз, бұл артта қалу деп аталатын құлаудың салдары болуы мүмкін, - деп толықтырды Макрон.
Бұған дейін Ирландия Республикасы премьер-министрінің орынбасары Саймон Ковени сәрсенбіде өз елі Brexit (ЕО-дан шығу) жоспары бойынша Ұлыбританиямен екіжақты келіссөздер жүргізбейтінін айтқан болатын.