Саясат

Мамин мен Медведев қандай мәселені талқылады?

Үкімет басшылары не туралы сөйлесті?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ресейге сапары аясында Дмитрий Медведевпен кездесті

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қазан қаласында Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Татарстанның астанасында Асқар Мамин мен Дмитрий Медведев сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіптік кооперация, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік саласындағы әріптестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылады. Сондай-ақ, интеграциялық, шекаралық әріптестік жайы да сөз болды.

Асқар Маминнің айтуынша, елдер жеткізілетін тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтып, бизнес қауымдастықтар арасында тікелей байланыс орнатуы керек.

Ресей Қазақстанның басты сауда серіктесі. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 13%-ке артып, 18,5 миллиард долларға жетті. 20189 жылдың жарты жылында тауар айналымы 8,8 миллиард доллар болды.