Weekend
«Немқұрайлылық танытты» деген айып тағылды
Ірі сауда желісі Walmart дүкендерінің шатырында орналасқан күн панельдерінің жануына байланысты Tesla компаниясына «немқұрайлылық танытты» деген айып тағып, сотқа арызданды.
Walmart тек шығындарды ғана емес, сонымен қатар өндіруші Америка Құрама Штаттарында орналасқан 240-тан астам дүкендердің төбесіндегі барлық күн панельдерін демонтаждауын талап етеді.
Нью-Йорк штатының Жоғарғы сотына берілген құжаттарға сәйкес, Tesla-мен орнатылған және қызмет көрсетілетін күн энергетикалық жүйелері жеті рет өртенген. Сонымен қатар, салдарынан жаңа өрт туындауы мүмкін ондаған басқа да күрделі мәселелер анықталған.
Құжаттарда Tesla-ның даярланбаған жұмысшылары өздерінің жұмыстарын сапасыз атқаратыны және «толық біліксіздігін» көрсететіні айтылған. Өрт дүкендердегі тауарлардың едәуір көлемін жойғанындықтан және бұл қаржылық шығындарға әкелгендіктен олардан жөндеу жұмыстарын талап етеді. Сонымен қатар, Tesla-ның басқа да күн қондырғыларын тексеру барысында «кең таралған немқұрайлылықты көрсететін алаңдаушылық тудыратын проблемаларды» анықтаған. Walmart-тың пікірінше, Tesla жабдықтарының сапасыз тексерістері тұтынушылар мен бөлшек сауда дүкендерінің қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Күн панельдерін өндіру мен сатуға байланысты сот процесі Tesla бизнесіне тағы бір соққы болды. Айта кететіні, 2016 жылы Tesla SolarCity компаниясын 2,6 миллиард долларға сатып алған болатын, SolarCity-ді сатып алғаннан кейінгі көрсетілген көрсеткіштермен салыстырғанда, соңғы уақытта тоқсан сайынғы энергетикалық жүйелерді орнату 85%-ға төмендеген.
Kapital.kz