Саясат
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Талғат Теменовтің кездесуі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады.
Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.
Талғат Теменов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын салу жұмыстары туралы баяндады.
Сондай-ақ белгілі театр және кино режиссері болашақта мәдениет жылын жариялау, жас актерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта мәдениетке, театр мен киноға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлу жалғаса беретінін айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61