Weekend
Фармацевтикалық саланың 168 кәсіпорны жұмыс істеп тұр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com2010 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде фармацевтика саласындағы өнім өндірісінің көлемі 4 есе, яғни 19,9 млрд теңгеден 78,8 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында фармацевтикалық саланың 168 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 3 ірі, 11 орта, 154 ұсақ, оларда 16 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
2010-2018 жылдар аралығында 30 жоба іске асырылды, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, аталған жобаларды іске асыруға салынған инвестиция көлемі 45 млрд теңгені құрады.
Бірінші бесжылдық аясында индустриялық бағдарлама бойынша салаға Польша, Түркия, Қытай және Ресей елдерінің инвесторлары тартылған. Бірінші бесжылдықтың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібінде 28,8 млрд теңге сомасына 3000-нан астам тұрақты жұмыс орындарын құрумен 24 жаңа жоба іске асырылды.
kursiv.kz
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61