Саясат

Атырауда театр өртке оранды

Төтенше жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғимаратты шарпыған жалынды 40 өрт сөндіруші ауыздықтады

Атыраудағы Махамбет Өтемісов атындағы қазақ драма театрында өрт болды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы хабар 22 тамыз күні сағат 14:30-да түскен.

"Екінші қабаттағы электр қалқанда өрт шығып, кейін ғимараттың шатырына тараған. Полиция қызметкерлері театр аумағын қоршады", – деп хабарлады ведомство.

Өрт аумағы шамамен 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 7 техника жұмылдырылды.

sputniknews.kz