Саясат

Жас шенеунік мемлекет есебінен баюды көздеп, қулық жасаған

Шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алаяқ шенеунік қулығын іске асыру үшін 34 жасқа "қартайып кеткен"

Дағыстандағы Кулецма ауылы басшысының орынбасары зейнетақы алу үшін жасын ұлғайтып алған. Бұл туралы Левашин ауданының прокуратурасы хабарлады.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы ер адам 34 жасқа "қартайып", 1985-1996 жылдары ұжымдық шаруашылықта істеді деп жазылған жалған еңбек кітапшасын сатып алады.

Былтыр жыл басында ол еңбек зейнетақысын тағайындау туралы өтініш жазып, алаяқтық жолмен 155 мың рубльден астам (900 мың теңгеден астам) қаражат алған.

Қазір шенеунікке қатысты алаяқтық туралы бапқа сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жалған құжат берген орган қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және жалған әрекетке барды деп айыпталған.

sputniknews.kz