Саясат

Пойызда жолаушы әйелді зорлау ісіне қатысты тың дерек шықты

Бірінші инстанция үкімінің күші жойылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бірінші инстанция үкімінің күші жойылды, іс қайта қаралатын болды

Қостанай облыстық соты "Тальго" пойызында әйелді зорлау ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады.

Белгілі болғандай, судья істі қосымша тергеу үшін прокуратураға қайтарды. Қостанайдың №2 сотында барлық айғақ зерттелмеген. Сот алқасы бірінші инстанция үкімінің күшін жойды.

Бұған дейін, "Тальго" пойызының жолсеріктері Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы (зорлау) бойынша кінәлі деп танылған еді. Осылайша олар  2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші тарап сот үкіміне қанағаттанған жоқ. Прокурор кінәлілерді алты жылға соттауды сұраған болатын.

Тальгодағы оқиға

Жаға ұстатарлық оқиға өткен жылы қыркүйек айында болған. Бұл туралы 2018 жылдың қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы" қорының басшысы Дина Таңсәрі жазды. Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады.

Бұл оқиға қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Бас көлік прокуроры жолсеріктерге шығарылған сот үкімі қайта қаралатынын мәлімдеді. Ал Қазақстан темір жолы зорланған әйелден кешірім сұрады.

Жақында жәбірленуші әйел ел алдына шығып, басынан өткен сұмдық оқиғаны айтып берген болатын.

sputniknews.kz