Weekend
Өлең
Мен емес мұндай жерде айылдайтын,
Ақын боп жеткізейін ойымды айқын.
Тектілік сіңіп қалған топырағыңа,
Жүз күн жаңбыр жауса да шайылмайтын.
Самғайын қыраныңдай көгіңде мен,
Әлі көп жырым саған төгілмеген...
Қазағым мына менің мекенімсің,
Ер едік ет жүректі елім деген!!!
Алдында болашаққа тұнған үміт,
Жатқанда өлең айтып жыр жаңғырып,
Нұр патша, нұрлы жолмен, нұр ізбенен,
Жатырсың айналанды нұрландырып.
Ер жеттік құмыңда ойнап, тасыңда өсіп,
Басыңнан өтті талай ғасыр көшіп.
Ақын жыршы, термеші тудырғансың,
Құндағынна құты аунаған асыл бесік.
Елімнің домалады тасы өрге,
Батырлар айтқан кеше басу елге,
Рухани жаңғырғанын осы емес пе?!
Құрмет көрсет Кейкідей асыл ерге,
Азаттықты аламын деп арпалысқан,
Қол мергеннің алып келді басын елге.
Мақтанбау қалың елім жат қаныңа,
Қалайша куанбайсын баққа мына?!
Сан ғасыр армандаған бабалардың,
Азаттықтың таңы енді атқаныма!!!
Жылқыбайұлы Жауынбай