Экономика

Неліктен АҚШ-пен Иран шағын су жолы үшін күресуде?

Ормуз бұғазының стратегиялық маңызы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ормуз бұғазы - Иран мен Оманның арасындағы тар су жолы. Бұл 21 мильдік канал арқылы күніне ондаған танкер мұнай жөнелтіледі. Мұнайдың бұл ағымы әлемдегі мұнай тасымалының 20 пайызын құрайды.

Ормуз бұғазы арқылы өтетін танкерлердің көпшілігі Азияға бағытталған. Алайда мұндағы кез келген танкерге жасалған шабуыл, қай бағытқа баратынына қарамастан, барлық жерде мұнай бағасына әсер етеді. Себебі мұнай әлемдік сауда өнімі болғандықтан - Парсы шығанағындағы жеткізілімнің төмендеуі әлемдегі басқа мұнай өндіру ошақтарындағы бағаның өсуіне әкеледі. Мысалы маусым айында екі танкерге шабуыл жасалғаннан кейін Солтүстік теңізден келетін Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 2 долларға жуық өскен болатын.

Маусым айындағы шабуыл Ормузда соңғы айларда болған жалғыз оқиға емес. Тағы бірнеше танкерге шабуыл жасалып, қысым көрсетілген болатын. Бұл танкерлер мен бұл тар су жолы - Америка Құрама Штаттары мен Иран арасындағы қақтығыс орталығына айналды. Бұл әлемдегі ең маңызды мұнай өндіру нүктелерінің бірін жаңарту мүмкіндігіне қайшы келеді, әрі жаһандық экономиканың қалаймақан жағдайға түсуіне себеп болары сөзсіз.