Bugin

Берлин: ІІ дүниежүзілік соғыс үшін тарихи жауапкершілікті сезінеміз

Германия мойындап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия екінші дүниежүзілік соғыс үшін бұрынғысынша тарихи жауапкершілікте болады. Бұл туралы Ресеймен өзара іс-қимыл жөніндегі неміс үкіметінің уәкілі Дирк Визе мәлімдеді, деп хабарлайды "Интерфакс".

Хабарламада айтылғандай, бұл мәлімдеме Молотов-Риббентроп пактісінің 80 жылдығына орай жасалды. 

- Біз неміс халқы ретінде тарихи жауапкершілігімізді көтереміз. Біз одан бас тартпаймыз немесе оның көлемін кішірейте алмаймыз, - деді Дирк Визе. 

Оның айтуынша, ол үшін "көршілермен өзара түсіністік" қажет.

Саясаткер Германия пактіге қол қойылғаннан кейін. соғысты бастағанын еске салды. 

- Кезінде құпия қосымша хаттамада белгіленіп, Еуропада бөлу сызықтарының картада да, біздің басымызда да болуын қолайлы деп санауға болмайтынымызға сенімдімін, — деп түйіндеді ол.