Саясат

KAZ Minerals шахтасындағы қайғылы оқиға: 2 адам қайтыс болды

Қайғыға ортақтасамыз!

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

KAZ Minerals тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-ға қарасты Орлов шахтасында қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға 2 желтоқсанда сағат 09.00 шамасында болған. 

"Орлов шахтасының 12-нші жерасты қабатында компанияның үш қызметкері ессіз күйде табылды. Оқиға орнына келген мамандар екі қызметкердің қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды", - делінген хабарламада. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу мақсатында арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза болған қызметкерлердің туған-туыстарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.

Дереккөз: tengrinews.kz