Саясат

Амазон өрті: «Үйіміз жанып жатыр»

Макрон G7 алдында ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция президенті Эммануель Макрон Amazon тропикалық ормандарындағы өрт саны рекордтық деңгейге жеткенін және G7 саммитінің күн тәртібіндегі басты мәселе болуы керектігін айтты, деп хабарлайды “BBC News”.

Ол Twitter парақшасында: «Біздің үй өртеніп жатыр», - деп жазды.

Бразилия президенті Джайр Болсонаро бұған жауап ретінде Макрон мырзаны бұл мәселені «саяси пайда» үшін пайдаланды деп айыптады.

Ол Бразилия қатыспайтын G7 саммитінде Бразилиядағы өрттерді талқылауға шақыру «астарлы отаршылдық ойларды» тудырды деді.

Амазонка - Әлемдегі ең үлкен тропикалық орман және жаһандық жылынуды баяулататын маңызды көміртек қоймасы болып саналады.

Ұлттық ғарыштық зерттеулер институты (Инпе) таратқан спутниктік мәліметтерге сәйкес, биыл Бразилиядағы өрттердің саны 85 пайызға артқан, олардың көпшілігі Амазонкада орын алған.

Табиғат жанашырлары Болсонаро мырзаның үкіметін Амазонка  жағдайы реттеудегі қауқарсыздығы үшін айыптады және ол ағаш кесушілер мен фермерлерді қолдап, жерді тазартуға шақырды деді.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бейсенбідегі түсініктемеде ол аудандағы өртке фермерлердің қатысы болуы мүмкін екенін мойындаған.