Bugin

Мамин Ақтөбеден қыстық киім сатып алды

Үкімет мүшелері отандық өнімді жарнамалауға көшті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр Асқар Мамин қазір Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен жүр. Аймақтың тұрғын үй құрылысымен және жергілікті кәсіпорындардың өндірісімен танысып жүріп, күрткі тігумен айналысатын ақтөбелік цехтің дүкенінен қыстық киім сатып алған.

Күрткінің бағасы – 18 500 теңге. Үкімет басшысы күрткінің ақысын банк карточкасы арқылы төлеген әрі киімнің сапалы екендігін айтып, бәріне сатып алуға кеңес берген.  

Асқар Мамин барып-шыққан «Глобал спецодежда» ЖШС қысқы киімдермен бірге арнайы жұмысшы киімдерін де тігіп шығаратын көрінеді.

Қазір мемлекеттік қызметкерлер отандық өнімдерді жарнамалау үшін олардың заттарын сатып алып, елге жариялап жүргені белгілі. Мәселен, осыған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та 21 мың теңгеге отандық туфлиді сатып алған еді. Ал Асқар Мамин Шымкент қаласына барған кезде 12 мың теңгеге аяқ киім сатып алған болатын.

Tengrinews.kz