Bugin

Орман өрттері 220 млн теңгеден астам шығын келтірген

Қазақстанда ғана әлемде өрт көбейіп барады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері Қазақстанда 500-ге жуық орман өрті тіркелді, оның шығыны 220 млн теңгеден асты, деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

- 2019 жылдың басынан бастап республиканың ормандарында 65 437,6 га алаңда орман өрттерінің 499 оқиғасы тіркелді, оның ішінде 36 604,2 га орманды жер болса, оның орманмен қамтылғаны алқабы 31615,2 га. Өрттен келтірілген шығын 221,2 млн теңгені құрады, - деді Нысанбаев.

Айтылған ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда, орман өрттерінің саны 277 фактіден 499-ға дейін екі есеге артқан.

- Өкінішке орай, орманды-дала өрттерін жою кезінде біз өз әріптестерімізді жоғалттық. Себебі биылғы жылы өте ыстық және құрғақ ауа райы болды. Өрт жағдайлары бүкіл ғаламшарда орын алып жатыр. Ресейде, Бразилияда. Жақында Жаркент орман шаруашылығында өрт болды. Үш адам қаза тапты,- деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол 12 тамызда Қарқаралы ұлттық паркінің аумағында өрт болғанын, төтенше жағдайлар күштері жұмылдырылғанын еске салды.

- Өртті сөндіруге 329 адам мен 60 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, 4 тікұшақ болды, олардың үшеуі төгілу құрылғысы бар МИ-8, сонымен қатар өртке қарсы қызметтердің әрекеттерін үйлестіру үшін қолданылатын МИ-2 тікұшағы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің жалпы аумағы 3700 га құрайды, оның ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында 2700 га, оның ішінде орманмен қамтылған алқабы 1900 га, - деп атап өтті Нысанбаев.

Zakon.kz.