Bugin

Англияның премьері не үшін Макронның алдында отырып аяқ көтергенін әлі түсіндірген жоқ (Видео)

Соған қарағанда әдейі істеген сияқты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның премьер-министрі боп енді ғана тағайындалған Борис Джонсон алғашқы халықаралық кездесудің өзінде дау-дамайға тап болды. 

Британ премьер-министрі мен Францияның президенті Эмманюэль Макронның арасында болған кездесу Париж сарайында өткен еді.

Кездесу аяқталар кезде ағылшын үкіметінің басшысы өрескел әрі дөрекі қимыл жасап қалды. Бұл француздардың ашуына тигені анық. Олар мұны «елді сыйламау, құрмет көрсетпеу», «бассыздық» деп бағалап жатты. Тіпті, бұл әрекет Джонсонның өмірбаянын жазып жүрген Соня Пурнелдің де ашуына тигенге ұқсайды.

- Макрон барып Букингем сарайында отырып, аяғын көтерсе көрер едім қандай боларын! – деді жазушы бұған қатысты.

Содан бері екі күн уақыт өтсе де, ағылшын үкіметінің басшысы әлі елден кешіріп сұрап, өрескел әрекет жасауына не себеп болғанын түсіндірген жоқ.

Айта кетейік, бұл кездесудің екі елдің басшылығы Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы туралы мәселелерді талқылаған болатын.