Bugin

Алматыға биыл 200 жаңа автобус сатып алынады

Автобустар Қытайдан әкелінеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы мегополистегі қоғамдық көліктің жетіспеушілік  мәселесі алдағы уақытта толықтай шешілетінін атап өтті.

- Биыл біз Қытайдан 200 автобус  аламыз. Қоғамдық көлік жиі жүретін болады. Автобус аралықтарын 10-15 минутқа дейін қысқарту керек. Сонда біз қоғамдық көлік жетіспеушілігін түбегейлі шешеміз, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, Алматы әкімі біліксіз автобус жүргізушілер жайлы пікір білдірді. - Қалада автобус жүргізушілеріне қатысты проблема бар. Тәжірибелі жүргізушілер жоқтың қасы. Жұмысқа кім болса соны алады. Кейбір жүргізушлер сол парктерде түнейді, сосын рөлде қалғып отырады. Бұның  барлығы жолдағы қауіпсіздікке қауіп төндіреді, - деді әкім.

Сонымен қатар  қала басшысы троллейбус парктерін де жаңартатынын айтты.

ҚазАқпарат