Bugin

Түрме қызметкерлерінен жәбір көрген тағы бір сотталушы үндеу жасады

Оқиға тергеліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ-156/6 түзету мекемесінде болған жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Теңізжан Жәнібековтің айтуынша, 22 тамыз күні Facebook, YouTube әлеуметтік желісінде сотталушы видео үндеу жариялаған болатын.

- Видеода ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/6 мекемекесі қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетке барғаны айтылған, - дейді ол.

Осы жылдың шілдесінде де сотталушы Қадырмановтан арыз түсіпті.

- Арыз тіркеліп, облыстық полиция департаментіне сотқа дейінгі тергеуге жіберілді. Қазір бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, - дейді әділет полковнигі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары сотталушы Қадырманов ОВ-156/6 түзету мекемесінде ас қасығының екі сабын  жұтып қойғанын айтты. Ал бес күн өткен соң өз денесіне ине тыққан.

- 13 тамыз күні сотталушының денесіндегі заттар ОВ-156/15 мекемесіндегі ауруханада алынды, - деді Жәнібеков.

Қадырманов аса ірі көлемде ұрлық жасағаны және біреудің денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін сотталған. Ол үнемі қылмыстық-атқару жүйесінің тәртібіне бағынбайды. Салдарынан оның түзету мекемесінде болу тәртібі қатаңдады.

Сотталушы өзінің жасаған қылмысын мойындамаған және өкінбеген. Оның видео үндеуі бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл факт ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басшылығының жеке бақылауында.

Sputnik Қазақстан