Weekend

Тез ұйықтаудың 3 әдісі

Ұйқысыздықтан арылу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазіргі кезде адамдардың физикалық белсенділігінің төмендеуі, күні бойғы стресс, артық тамақ ішу сынды жағымсыз әдеттер ұйқысыздықтың басталуына себеп болуы мүмкін.

Тез ұйықтаудың 3 әдісі

Адамда қалыпты түрде жастыққа басы тиген соң, 30 минут ішінде ұйықтау керек. Бүгінде көпшілік адам үшін тез ұйықтау қиынға соғады. Бұл жағдайда дәрігерге бару керек емес,  тек қана өз миыңызды тез ұйықтауға үйретуіңіз қажет.

Оңайлықпен ұйықтай алмайтын адамдар үшін мамандар мына әдістерді қолдануға кеңес береді.

Ұйқыға жатар алдында 1 стакан сүт немесе 1 стакан суды 1 ас қасық балмен ішіңіз. Бұл кеңес жылдам ұйықтаудың дәлелденген ескі әдісі ретінде белгілі.

Тез ұйықтау үшін аяқты жылы сумен жуу немесе табанды саусақпен 90-100 рет ақырын тарау қажет. Мұның пайдасы қан айналымы жақсарып, тыныс жол жүйесі ашылады.

Үшінші ұсынатын әдіс - америкалық ғалым Эндрю Уэйлдің “anxiety” деп аталатын «4-7-8» әдісі. Бұл әдіс былай орындалады: 4 секунд бойынша мұрныңызбен терең дем алыңыз. Одан кейін алған деміңізді 7 секунд бойы ұстап тұрыңыз. Одан соң ұстап ұрған деміңізді 8 секунд бойы ақырын шығарыңыз. Осы әдісті үш-төрт рет қайталаңыз. Бұл әдіс орындалғанда өкпе көбірек оттегіге толып парасимпатикалық жүйке жүйесі жеңілдейді екен. Бұл жаттығудан соң «ұйқы сферасына» бірнеше минутта-ақ  аттана аласыз.