Bugin

Ерлан Айтаханов: Мектептерді бизнес ошағына айналдыруды қоюымыз керек

Жемқорлыққа жол жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күні кеше Шымкентте өткен TAMYZ 2019 конференциясында қала әкімі Ерлан Айтаханов, білім саласындағы жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақырды.

Қала басшысының айтуынша, өткен жылдың өзінде 2 мектеп директоры пара алу үстінде ұсталған. Білім саласында тіпті, алғыс хат алудың өзі саудаға айналған көрінеді.

- Парамен қоғам болып күресуіміз керек. Әрқайсымыз жауапкершілікті сезінуіміз керек. Сананы, осыған деген көзқарасты өзгертуіміз керек.Мектептерді бизнес ошағына айналдыруды қоюымыз керек. Формаларды қымбат бағамен тіккізіп, соларды алғызуды қою керек. Бір алғыс хатты алудың өзі сондай нәрсеге алып келе жатыр. Нақты ұстазға сатып алынған алғыс керек емес. Ондай адамдар бар бізде, – дейді Ерлан Айтаханов.

Inbusiness.kz