Weekend

Онлайн білімнің дәурені туды

Білім эксперттері онлайн білімге көшеміз деп сендіріп отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінгі білім беру саясаты «ескіден» «жаңаға» өту процесінде тұр. Себебі білім алуды сан тарап жолдары бүгінде онлайн мүмкіндікті ашып отыр. Білім эксперттері түптің түбінде біз осы онлайн білімге түбегейлі көшеміз деп сендіріп отыр. Неге?

Бұл мәселелер түрлі білім жиындарында аз айтылып жүрген жоқ. Бірақ нақ мысалды халықаралық спикерлердің өз мысалымен түсіндіру ақпараттық сауаттылыққа жол ашады. Білімнің цифрлану үдерісінің дамығаны соншалық - ғалымдар білім моделін сәт сайын ауыстыруға мәжбүр. Білім саласының эксперті, полиглот Саясат Нұрбек қазіргі білім жүйесінде, әсіресе, Еуропада 40/60 жүйесі жүріп жатыр.

- Бұрын жоғары оқу орындарында 18-25 жас арасында өткізілген еді. Қазіргі таңда адамдардың өмір жасы өзгерді. Бүгінде Еуропада 60/40 концепциясы пайда болды. 60 жаста дамыған елдерде 40 жастағы адам секілді білім алуға, сауық құруға, яғни әлеуметтік-мәдени өзгерістер пайда болуда. Қазіргі біздің балаларымыз бір-бірімізбен бәсекелеспейді, ол жаңа азиаттармен бәсекелеседі. Сондықтан біз үшін жаңа білімді уақытылы игеру міндеті тұр,- дейді Саясат Нұрбек.

Онлайн білім алудың жолдары бүгінде әр елде, кез келген уақытта және кез келген жерде білім алуға шектеу қоймайды. Спикерлер мұның білім саласына түбегейлі бетбұрыс алып келеді дейді. Бірақ онлайн білімге біздің дайындығымыз қалай? Дүрмекке ілесе аламыз ба? Әзірге сұрақ күйінде қалған мәселеге уақыт жауап табады.