Bugin

Мұсабаевтың отставкасын талап еткен кәсіпкерге айыппұл салынды

Мұсабаев қысым көрсетуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласы Бостандық ауданының соты ғарышкер және парламент сенатының депутаты Талғат Мұсабаевтың кәсіпкер Бахт Ниязовқа қатысты ар-намысы мен іскерлік беделін қорғау туралы түсірген шағымының шешімін шығарды.

Сот Талғат Мұсабаевтың кәсіпкерге қатысты түсірген азаматтық шағымын ішінара қанағаттандырды. Кәсіпкер Бахыт Ниязов енді Мұсабаевқа моральдық зиян келтіргені үшін 150 мың теңге, сот шығындары үшін 100 мың теңге және қосымша сот шығынына  3905 теңге, сараптама жүргізілгені үшін 75 мың теңге көлемінде өтемақы төлейтін болды.

Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Ниязов Мұсабаевты өзіне қысым жасады деп, қарындасы Гүлнәр Мұсабаеваны рейдерлік етті деп айыптағаны туралы ақпарат тараған еді. Ал Талғат Мұсабаев кәсіпкерді өзіне жала жапты деп сотқа беріп, 10 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен.

Даудың өршуіне кәсіпкердің «Нұр Отан» партиясының  бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа «Талғат Мұсабаев өзінің беделін пайдалана отырып қысым көрсетті» деген мазмұнда жазылған хаты себеп болған.

Кәсіпкер 2013 жылы Алматыда тұрғын үй кешенін салуды жоспарлайды. Тұрғын үйді аяқтамай жатып, серіктері Виктор Морозов пен Гүлнар Мұсабаевадан (ерлі-зайыптылар) үлестерін сатып алып, құрылысқа 300 млн теңге құйып аяқтаған. Ниязов мырзаның айтуынша, 2016 жылы екіжақты келісім-шарт жасалған. Алайда сенатордың туыстары қол қойылғанымен, шартты қайта қарап, 2 млн доллар талап еткен.

2018 жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласы әкіміне Талғат Мұсабаев шағым хат түсірген. Онда Талғат Мұсабаев отбасының мүшелерін «Маунти Драив» тұрғын үй кешеніне жіберілмейтінін, Ниязовтың тарапынан жер иленушінің құқығы бұзылған баяндайды. Және тексеріс жүргізуді талап етеді. Міне, осыдан кейін кәсіпкер «Нұр Отанға» шағымданған. Әуелі 2019 жылдың мамыр айында сенаторды отставкаға кетуін де талап еткен.

Дереккөз: Жас Алаш